Posted: 17.11.2017 in Без рубрики
«Бір ел-бір кітап» акциясы
«Жалындап өткен жас ғұмыр»

   Биыл Ақын,ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың \1893-1920\ шығармалары оқылады.

«Бір ел – бір кітап» жобасының идеясы АҚШ-та танымал болған. Қазақстанда Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан ұлттық академиялық кітапханасы, Қазақстан Кітапханашылар қауымдастығының бастамасы бойынша 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мазмұны – бүкіл ел бір уақытта бір кітапты оқып талқылау.

Без имени-1.jpg

Қазақстанда 2007 жылы Абайдың «Қара сөздерін», 2008 жылы Мұхтар Әуезовтің «Қилы заман», 2009 жылы Мағжан Жұмабаевтың «Жан сөзі», 2010 жылы Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасы, 2011 жылы Жүсіпбек Аймауытовтың  «Ақбілек» романы, 2012 жылы Оралхан Бөкейдің «Қайдасың, қасқа құлыным», 2013 жылы Фариза Оңғарсынованың «Дауа», 2014 жылы Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі», «Басында Үшқараның», 2015 жылы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы,  2016 жылы Дулат Бабатайұлының шығармалары оқылды. Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы биыл он бірінші рет ұйымдастырылуда. Биыл жыл кітабы болып Сұлтанмахмұт  Торайғыровтың шығармашылығы таңталды.  Абайдан кейінгі қазақтың жазба әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп, ерекше көзге түскен көрнекті ақындарының бірі Сұлтанмахмұт Торайғыров болды. Ол аз өмірінің ішінде (небәрі 27 жас жасаған) әлденеше лирикалық өлең, ондаған мақала, екі роман, 5-6 поэма жаңа сатыға көтерген, ірі суреткер, реалист ақын болып табылады. Осы орайда аудандық орталық кітапханасы  оқырмандарға    «Заманынан озық ақын, сұңғыла жыр сұлтаны» атты тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Осы көрмеге оқырмандар арасында шолу өткізілді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады. Осы акция аясындағы іс-шаралар легі жыл бойы кітапханада жалғасын таппақ.

Ақсу аудандық орталық кітапхананың библиографы Елеуова А.Т.

Read the rest of this entry »

Advertisements

Дәйексөз  —  Posted: 17.11.2017 in Без рубрики